Қазақстан азаматтары үшін бірнеше елге кіру тәртібі өзгерді
Латвия, Мысыр, Мексика және Ресейге баруды жоспарлаған қазақстандықтар үшін жаңа талаптар енгізілді. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қыркүйектен бастап Латвияға барушылар сапарға дейін кемі 48 сағат бұрын eta.gov.lv сайтында онлайн өтінім толтыруы тиіс. Онда сапардың мақсаты, мерзімі және жеке деректер көрсетіледі. Ақпаратты жасырған немесе жалған мәлімет бергендерге 2 мың еуроға дейін айыппұл салынады. Мысырда 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмағандар ел аумағына тек ертіп жүретін ересектермен ғана кіре алады. 21 жастан асқандар 15 күнге дейінгі демалыс үшін Шарм әл-Шейх әуежайында виза рәсімдей алады, басқа қалаларға бару үшін виза елшіліктен алынады. Мексикаға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония немесе Шенген визасы бар азаматтар визасыз кіре алады. Ал, Ресейде шетелдіктердің биометриялық деректерін жинау бойынша сынақ жүріп жатыр.