Израиль үкіметі Трамптың бейбітшілік жоспарын мақұлдады
Израиль үкіметі АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарын мақұлдады. Осылайша, Газадағы екі жылға созылған соғысты алдағы 24 сағатта аяқтап, 72 сағатта кепілдегілерді босатуға жол ашылып отыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаяньху мұны маңызды оқиға деп атап, Трампқа алғыс білдірді. Осының алдында «Хамастың» қуғындағы жетекшісі Халил әл-Хайа мәлімдеме жасап, Құрама Штаттардан, Араб елдерінен және Түркиядан Газадағы соғыстың тоқтағаны жөнінде кепілдік алғанын хабарлады. Израиль-«Хамас» шайқасы 2023 жылы қазанның 7-де еврей мемлекетінің оңтүстігінде 1200 адам өлтіріліп, 251-і кепілге алынғаннан кейін басталды. Содан бері Газада Израильдің шабуылдарынан 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16