Басты Жаңалықтар Ақтауда жол сапасын ЖИ көмегімен тексере бастады

Ақтауда жол сапасын ЖИ көмегімен тексере бастады

Ақтауда жасанды интеллект көмегімен көлік жолдарының сапасы тексеріле бастады.

Заманауи үлгідегі автоматты құрылғы жолдағы ақауларды жедел анықтайды. Оның көмегімен биыл 15 шағын ауданның жолы тексеріліп, көптеген олқылық табылған. Нәтижесінде, мердігерлер өз қаражаты есебінен асфальтты қайтадан төсеп шықты. Жол құрылысы материалдары тексерілетін зертхана да цифрландырылған. Сынаманың қай аумақтан алынғаны, асфальт жабындының қандай температурада болғаны QR-кодта жазылады. Одан әрі сынаманың құрамы зертханалық жолмен мұқият тексеріледі. Әр құрал онлайн бақыланады. Яғни жасанды интеллект арқылы сынамадан анықтаған ақау туралы мәліметті ешкім өзгерте алмайды.  

Мерей Әлиев, жол инженері:

Қазіргі таңда жасанды интеллектпен. Бұрындары біздер мысалы 100 шақырымды 4 күнде өңдеп, ол қандай кеңес беруге жататынын беретін болсақ, мұның ерекшелігі – төрт күндік жұмысты 4 сағатқа қысқартып берді.

Биыл облыс аумағында 50-ден астам жолдан мың жарымға жуық сынама алынған. Соның 29 пайызы талапқа сай болмай шықты. Енді сол учаскелерді жауапты мердігерлер өз қаражатына қайта төсемек.

Ерболат Шаймұрат, «Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығы» РМК филиалының зертхана меңгерушісі:

Жер төсемесі, ПГС дейміз. ЩПС қиыршық тас, малта тас дейміз, жолға қатысты барлық материалды сынақтан өткіземіз. Оның барлығы цифрландырылған. Егер сәйкес келмесе ол жол пайдалануға берілмейді. Мердігер мекеме ол ақауларды жөндеп, сосын бізді шақырады. Қайтадан сынақ жүргіземіз.



Бөлісу