Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды
Бүгін Түркістанда «Қолөнершілер қалашығы» ашылды. Аумағы екі жарым гектарды алып жатқан нысан шығыс стилінде салынған. Қалашық ішінде 20 шеберхана, 2 шоурум, үлкен көрме залы, мейрамхана, қонақ үй және туристік инфрақұрылым қарастырылған. Жаңа мәдени орталықтың ашылуына орай «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль басталды. Оған Түркия, Моңғолия, Қытай, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан және еліміздің әр аймағынан 300-ден астам қолөнерші қатысуда. Одан бөлек халықаралық қолөнер ұйымының басшылары да осында келіп, шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап жатыр. Бүгінгі күні Түркістан өңірінде 130-дан аса шебер түрлі бағытта еңбек етіп, өз өнімдерін шығаруда. Айта кетейік, биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды.
Абайхан Рыспаев, шебер:
Бұрын әркім өз үйінде ғана жасайтын. Оны ешкім біле бермейді. Өзін-өзі жарнамалай алмайды. Осы тұрғыдан келгенде бүкіл шеберлер осы жерде отырса, келген туристер осында келіп көріп, тамашалап, әрі затын сатып алып жатса, жақсы ғой. Өйткені жалғыз керамика емес, өнердің басқа салаларында істеп жатқан жігіттер өте көп. Жағдайымыз жақсарады деп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
