Маңғыстау облысында оныншы «Келешек мектеп» ашылды
Маңғыстауда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында оныншы мектеп пайдалануға берілді.
Жаңа білім беру ұйымы 20-шы шағын ауданда бой көтерді. Оқу ордасы қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, визуалды өнер, үй мәдениеті, робототехника, STEM, музыка сияқты заманауи бағыттағы кабинеттермен ерекше. Кәсіптік бағдар беруге арналған кабинеттердің де дизайны, техникалық жабдықталуы мен жиһаздары қазіргі заман талаптарына сай. Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін жағдай жасалған. Мектеп 1500 балаға арналған.
Альберд Серікұлы, Ақтау қаласының тұрғыны:
Осы мектепте менің 9, 5, 2-сыныпта үш қызым оқиды. Осы күнге дейін менің қыздарым басқа шағын аудандағы мектепке барып жүрді. Ол бізге ата-ана ретінде қиын болды, уайымдаймыз жол бар дегендей. Осы өзіміздің шағын ауданнан жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымыз. Заманға сай, жақын жерден.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
04.11.2026, 20:11
Alatau City жобасы Лондонда талқыланды
04.11.2026, 20:09
Ветеринарлардың орташа айлығы 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
04.11.2026, 20:07