Басты Жаңалықтар Елімізде «Береке fest» акциясы басталды

Елімізде «Береке fest» акциясы басталды

Елімізде «Береке fest» акциясы басталды. Бұл азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған кешенді шаралардың бірі. Науқан аясында 80-ге жуық ірі сауда орындарында арнайы промо-аймақтар ұйымдастырылып, отандық өндірушілердің өнімдері арзан бағада сатылып жатыр. Бүгін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өзі барып, дүкендерді аралап көрді. Жеңілдіктер – үкімет пен кәсіпкерлердің ортақ келісімінің нәтижесі. Жергілікті жеткізушілер мен бизнес-серіктестердің қолдауы бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік берді. Еліміздің барлық өңірін қамтитын бастама, қазан айының соңына дейін жалғасады. Акцияға қатысатьн дүкендерде «Береке Fest» деген жазу ілінген,  сондықтан жеңілдіктерді табу оңай. 

Ернұр Жәутікбаев, Сауда және интеграция министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

Отандық өндірушілердің тауарларын, үстемақысын бізде заңда 15 пайыз көрсетілген ғой. Осы біздің акция бойынша үстемақысын 10 пайыздан асырмай жұмысты жүргізіп жатыр. Астана қаласы бойынша барлық сауда орындары ет бағасын ең қымбаты 3800 тг болса, ал біздің әлеуметтік маңызы бар төс етіне баға 3300 теңгені құрайды.


Бөлісу