Сарапшы: Елге сапалы инвестиция тарту қажет
Қазақстан инвесторларға тиімді мүмкіндік беріп, заңнамалық тұрғыдан ерекше қолдау көрсетіп келе жатқан мемлекет. Елге сапалы инвестиция тарту ісіне айрықша мән берген Президент әр сапарында мәселені назардан тыс қалдырған емес. Мемлекетке құйылатын қаржыны арттырудың тағы қандай тәсілі бар? Тақырыпты экономист Ернар Серікпен тікелей эфирде талқылаймыз. Елге инвестиция тарту халықтың әлеуметтік жағдайына қалай әсер етеді?
Ернар Серік, экономист:
Ең бастысы инвестиция дегеніміз - ол бір күндік кәсіп емес. Ол ұзақ уақытқа, екі, үш, он жыл шамасында жасайтын зауыттар салынуы немесе әртүрлі кәсіпорындар салынуы. Сол себепті жергілікті аймақтарға сондай инвестицияның келуі, технологиялардың келуі ол тек халықтың әл ауқатын емес, сол жердің адами капиталын дамытуға, сол жердің экономикасы тұрақты болуына оң әсер етеді. Себебі инвестиция әсіресе шетелден келіп жатса, жаңа технологиялармен, жаңа басқару жүйелерімен келеді. Сондықтан сол жердегі халықтың әл ауқаты көтеріледі. Экономикасы тұрақтанады. Жұмыссыздық азаяды деген сияқты әсерлері өте көп.Қазақстан инвесторларға тұрақты әрі қолайлы орта қалыптастыру үшін қандай қадамдар жасауы қажет? Мемлекеттің қазіргі инвестициялық ахуалын қалай бағалар едіңіз?
Ернар Серік, экономист:
Жалпы, заңнамалық тұрғыда инвестициялық климат тұрғыда біздің елді, мемлекеттің жасап отырған жағдайы өте керемет. Оны шетелдік эксперттер де, шетелдік инвесторлардың өздері де айтады. Бірақ жаңа айтып өткендей инвесторлар 1 жылға немесе 10 күнге келетін кәсіпкерлер емес. Олар 10 жылға 15 жылға келетін кәсіпкерлер. Сондықтан оларға заңнамалық тұрақтылық қажет. Жалпы, тұрақтылық деген - ең бастыларының бірі сол. Неге сол мемлекетті немесе сол өңірді таңдайды? Себебі сол жерде макроэкономикалық, заңнамалық тұрақтылық бар және нарық бар. Егер біздің Қазақстанның Еуразия материгінің ортасында орналасқан, бізде еліміз үлкен болғандықтан, халқымыз аз болса да, Қытай немесе Ресей нарығына өте жақын орналасқанбыз. Сондықтан біздің елге тек макроэкономикалық және заңнамалық тұрақтылықты дұрыс орнына келтірсек, инвесторлар өздері таңдайды біздерді. Біз оларды іздеп жүрмейміз. Тек біздер шетелдік инвесторларды ғана емес, отандық инвесторларды да қолдауымыз керек. Оларды шеттетіп, сіз бөлексіз деп айтудың керегі жоқ. Себебі біздің елде де ақшасы бар адамдар бар. Олар ақшасын басқа елге салғаннан, біздің елге салып, бизнесін дамытқаны дұрыс шығар деп ойлаймын.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан жасанды интеллект стартаптарына 10 миллиард теңге бөлді
28.09.2025, 20:20

Бір туристің орташа шығыны экономика үшін қаншалықты маңызды?
28.09.2025, 20:13
Банктер неге 4% ғана салық төлейді?
28.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында қандай ұсыныстар айтты?
28.09.2025, 20:06
Қазақстанға судың 44%-ы шет мемлекеттерден келеді
28.09.2025, 20:04
Ақтөбе облысының тұрғындары қоғамдық көлікке міну үшін вагон астымен өтуге мәжбүр
28.09.2025, 20:01
Атырау облысында 200 млрд теңге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан заңсыз аударылған
28.09.2025, 19:55
Астанада LRT пойызы сынақ режимінде жүре бастады
28.09.2025, 19:48