ЖІӨ өсімі 6,5 пайызды құрады
Өткен 8 айдың ішінде жалпы ішкі өнімінің өсімі 6,5%-ды құрады. Нақты сектор 8,8, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов айтты. Ең жоғары әрі нәтижелі көрсеткіштер: көлік, құрылыс, сауда, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 14,3%-ға өсіп, 11,5 триллион теңгеге жеткен. Тек биылғы бірінші тоқсанда шетелден 6,6 миллиард доллар инвестиция тартылған. Осылайша, тәуелсіздік жылдарындағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 465 миллиард доллардан асты.
Арман Қасенов, Ұлттық экономика вице-министрі:
Үкімет инвестициялық ахуалды жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп келеді. Инвесторлар үшін барлық рәсімдер жеңілдетіліп, өңірлік штабтар құрылды. Құны 54 миллион доллардан асатын жобаларға заңнамалық тұрақтылық кепілдігі берілді. Ал басым салалардағы жобаларға «жасыл дәліз» жүйесі қолданылады. Ендігі басты міндет – 2029 жылға қарай экономиканы екі еселеу. Алда технология тарту, мамандарды оқыту және қазақстандық өнімдерге жаңа нарықтар ашу мақсаты тұр.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16