Алматыда кітап оқу мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кітап оқу мерекесі өтті

27.11.2018

Алматыда Француз Альянсының ұйымдастыруымен кітап оқу мерекесі өтті. Әдебиетті насихаттауға арналған еркін форматтағы шара барысында қонақтар әртүрлі тақырыптық үйірмелерге қатысты. Олардың ішінде балаларға арналған анимация, француз тіліне қатысты тест, француздық комикстер бөлмесі, француз романдарын экрандау, сахнада тұрып мәнерлеп оқу шеберлігі бар. Сондай-ақ, арнайы лоторея ұйымдастырылып, бір адам француз тілін тегін үйренуге жолдама ұтып алды.

Жанна Есдаулетова, Алматыдағы Француз Альянсының әкімшілік директоры:

- Мұнда біздің оқырмандар классикалық француз әдебиетімен кеңінен таныса алады. Сондай-ақ, заманауи авторлардың шығармалары да көптеп ұсынылды. Өйткені, қазіргі француз әдебиеті өзінің көркемдігімен, философиялық тереңдігімен құнды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу