Жаңа Салық кодексін түсіндіру семинарына 800 бизнес өкілі қатысты
Салық қарызын кешіктіріп жүрген кәсіпкерлер бүгінде оны өтегенше кепілге жылжымайтын мүлкін қоюға міндетті. Енді жаңа Салық кодексіне сай еш кепіл қоймай-ақ, төлем мерзімін нақты көрсетіп, өтініш жазуға құқылы. Сондай-ақ кәсіпті бақылау шаралары азайтылды. Кодекс күшіне енген соң, яғни қаңтар айынан бастап жоспарлы тексерістер жүргізілмейді. Орнына фискальді сүйемелдеу тәсілі енгізіледі. Жаңа Салық кодексіндегі осы тектес өзгерістерді түсіндіру үшін бүгін Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің мамандары 800-ге жуық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар тарапынан кәсіпке жасалатын жеңілдіктер, әкімшілік хаттамаларды азайту, саланы цифрлық форматқа ауыстыру сынды тақырыптарда сұрақтар көп. Сондықтан түсіндіру жұмыстары өңірлерде де жалғасын табады.
Ержан Біржанов, Қаржы вице-министрі:
Кіші және орта бизнес субъектілеріне жеңілдіктер көрсетілген. Салық нысаналары 30%-ға, салық түрлері 20%-ға қысқартылды. Ескі кодекс бойынша, мысалы, салық қарызы 6 айлық есептік көрсеткіштен көп болса, біз шаралар қолданып, хабарлама беріп, шоттарды бұғаттайтынбыз. Қазір бұл мөлшерлемені қайта қарадық. 20 айлық есепке дейін ұлғайттық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
