Жылыту маусымына дайындықтың соңғы кезеңі басталды
Елімізде жылыту маусымына дайындықтың соңғы кезеңі өтіп жатыр. Үкімет отырысында есеп берген Роман Скляр осылай деді. Тура 1 апта бұрын Премьер-министр кестеден кешігіп жатқан облыс әкімдеріне ескерту жасаған еді. Қазір бұл өңірлерде жұмысқа жан біткен. Бірақ бәрібір Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларының басшыларына бұл мәселені ерекше назарда ұстаңыздар деп тапсырды Олжас Бектенов. Ел бойынша елдімекендерде жылыту маусымы қазан айының 15-де басталуы тиіс.
Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Өткен Үкімет отырысынан бері Степногорск қаласының жылу желілеріндегі жұмыстар толық аяқталды. Аягөзде де жылыту маусымын бастауға дайындық толық тәмамдалды. Орал қаласында өткен аптада жұмыстар қосымша 20 пайызға орындалып, жалпы көрсеткіш 85 пайызға жетті. Барлық жұмыстарды биылғы жылдың 15 қазанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
