АШМ: Сиыр еті бұдан әрі қымбаттамайды
Еттің бағасын негізсіз көтергендер жазаланады. Саудагерлер үстемақыны 15 айыздан асырып жіберсе 5-тен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынбақ. Егер бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 10-нан 300 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, сиыр етінің бағасы бұдан былай өспейді. Елімізде мал басы жеткілікті және көбейіп келеді. Сиыр етінің қымбаттауына жем-су, жанар-жағармай құнының көтерілуі әсер етіп отыр дейді, ведомство басшысы.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Айта кету керек, еттің де санаттары бар. Ол үшке бөлінеді: жоғары, орташа және төменгі упитанность. Бүгінде баға шамамен 500 теңгеге қымбаттады. Дегенмен ары қарай өсуі күтілмейді. Қазір фермерлер етті орташа 3200–3500 теңге аралығында өткізіп жатыр. Нарықтағы келесі баға сату жағдайына байланысты болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
