Еліміздегі өнер ордалары меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі өнер ордалары меморандумға қол қойды

26.11.2018

Елбасы мақаласындағы міндеттерді іске асыру аясында ұлттық өнер ордалары арнайы меморандумға қол қойды. Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы, Құрманғазы атындағы консерватория және Ұлттық өнер университеті алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істемек. Олар мақаладағы ұлы бейнелерді насихаттау, деректі фильмдерді түсіру сияқты міндеттерді бірігіп орындамақ. Салтанатты шараға елімізге белгілі өнер қайраткерлері қатысып, мақала туралы пікірлерімен бөлісті. Онда айтылған тапсырмалдарды дер кезінде жүзеге асыру баршаға ортақ міндет екенін жеткізді.

Асхат Маемиров, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры:

- «Ұлы даланың жеті қыры» шын мәнінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспеттес дүние. Бұл жерде Елбасымыз нақты механизмін, қалай іске асыруға болатынын көрсетеді. Сондықтан, алдымызға нақты мақсаттар мен міндеттер қойғалы отырмыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу