Биыл 24 млн тонна астық бастырылады
Биыл ел бойынша 24 млн тонна астық бастырылады. Бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осылай деп есеп берді. Бүгінге дейін алқаптардың 64 пайызға жуығы орылған. Орташа шығым – гектарына 15,2 центнер. Президент тапсырмасына сай дақылдарды әртараптандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл дәнді дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша өнімдерінің алқаптары да көбейген. Шаруалар дизель отыны, техника және қаржыландырумен уақытылы қамтылды. Соның арқасында ішкі нарықтағы өнімдерге деген қажеттілікті толық жабамыз, - деді министр.
Айдарбек Сапаров, Ауыл шаруашылығы министрі:
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, астық бойынша болжам 24 млн тонна деңгейінде күтілуде. Бұл ішкі нарықтың азық-түлік, жем-шөп, тұқымдық қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте астықты теңіз порттарына экспорттау кезіндегі шығындарды өтеуге субсидиялау мерзімін ұзарту – астықты жаңа нарықтарға шығаруға ықпал етеді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16