Олимпиада жүлдегерлеріне 100 млн теңге сыйақы берілді
2024-2025 жылдарда қазақстандық оқушылар 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, мыңнан аса медаль жеңді. Оның 193-і алтын, 349-күміс, 464-қола. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанған. Биылғы халықаралық рейтингте қазақстандық оқушылар физика, биология, лингвистика, химия және география, информатика мен математикадан дүниежүзі бойынша үздіктер қатарында. Оларды жігерлендіру үшін жуырда әлем бойынша ең беделді саналатын 7 олимпиада жүлдегерлерін Президент қабылдады. Одан бөлек үздіктер мен оларға жетекшілік еткен педагогтарға 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді.
Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің комитет төрағасы:
Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы тағайындалып келеді. Алтын медаль иегерлері – 6 млн теңгеге, күміс жүлдегерлер – 4 млн теңгеге дейін, ал қола жүлдегерлер – 2 млн теңгеге дейін сыйақы алады. 2025 жылы Олимпиада жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлеріне жалпы көлемі 100 млн теңгеден асатын біржолғы сыйақы берілді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26