Тараздағы жәрмеңкеде 18,2 тонна өнім сатылды
Таразда өткен жәрмеңкеде 18 тоннадан аса ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды. Арзан бағада ұсынылған азық-түлік өнімдерінің жалпы құны 11,8 млн теңгені құрады. Жергілікті шаруалардың тауарлары нарықтағы бағадан 5-10%-ға арзан болды. Картоп келісі 280, сәбіз – 110, жұмыртқа 480 теңгемен саудаланды. Бұқара барлық өнім бағасы қолжетімді әрі сапалы болғаны үшін әлеуметтік базарға асығатынын айтады. Бұл жолы тауар өндірушілердің қатары артқан. Өйткені қала құрамына өткен Жамбыл және Байзақ ауданындағы бірнеше елді мекен шаруалары да өнімдерін ала келген. Биылдыққа делдалсыз сауда алаңы сегізінші рет өткізілді.
Жанболат Таңатаров, Тараз қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Жалпы, жоспарымызда 20 жәрмеңке өткізу білгіленген. 10 ауданның қатысуымен қала күнінің мерекесіне орай Тараз қаласының «Орталық алаңында» 4 қазанда кең көлемде жәрмеңке ұйымдастырылады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16