«Ертұғырылдың» режиссері Қасым хан туралы фильм түсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертұғырылдың» режиссері Қасым хан туралы фильм түсіреді

22.11.2018

Бұл туралы Елбасының мақаласы талқыланған жиында Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазір картинаның сценарийіне тапсырыс берілген. Туындының жобасы тарихи фактілермен сәйкес келсе ғана, түсіріліміне рұқсат беріледі. Тағы бір жаңалық,  режиссер Ақан Сатаев «Тұмар патшайымды» түсіріп жатса, Рүстем Әбдіраш «Алмас Қылыштың» жалғасына кірісіп кетті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Қасым хан туралы фильмнің сценарийіне тапсырыс бердік. Әлбетте, оның қалай жазылғанына ден қоярымыз анық. Егер онда Қасым ханның барлық ерлігі мен өмірі қамтылса, ары қарай жұмысты жалғастыратын боламыз. Режиссер - «Ертұғырыл» сериалын түсірген түрік режиссері болады. Ол қазақстандық мамандармен бірге сценарийді жазып шықпақ. Әлемдік деңгейге жету үшін біз мойындалған режиссерлер мен авторларды шақыруымыз керек.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу