Шымкентте сауда үйі өртенді
Шымкентте ірі сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Зардап шеккендер бар.
Үш қабатты ғимараттың екінші қабатындағы киім сататын дүңгіршекте от тұтанған. Сол кезде іште бірнеше адам болған. Әсіресе үшінші қабаттағы фитнес залда жаттығып жатқандар терезеден шығуға мәжбүр болды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш адам токсикология бөлімінде ем қабылдауда. Екі тұрғын алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 270 шаршы метр аумақ өртке оранған.
Бекзат Қамбаров, Шымкент қалалық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
Екінші қабат өртенгенімен, үшінші қабатта қатты қою түтін болған. Өрттің себебі анықталуда.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16