Орталық Азияның 75 пайызында су жетіспеушілігі байқалады
Орталық Азияның 75%-ында су жетіспеушілігі байқалады. Бұл туралы Алматыда өткен форумда айтылды. Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан-Неміс университеті бірлесе ұйымдастырған жиында тұрақты даму және климаттың өзгеруінен туындайтын сын-қатерлер сөз болды. Басқосуға Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Маттиас Кислер, Швейцария, Нидерланды, Франция елдерінің жетекші ғалымдары қатысты. Жиын қорытындысы бойынша декарбонизация, су ресурстарын ұтымды басқару және қосылған құнның тұрақты тізбектерін дамыту жөніндегі жол карталарына қатысты ұсыныстар әзірленді. Форумның мақсаты – тұрақты дамудың негізгі бағыттары бойынша «жол карталарын» әзірлеу, - дейді ұйымдастырушылар.
Роммель Волрад, Қазақстн-Неміс университетінің президенті:
Орталық Азиядағы суға қатысты басты түйткіл – гидрологиялық айналымның өзі. Алдағы жылдары тіршілік көзінің тапшылығы күшейе түседі, сонымен қатар су тасқыны қаупі де артады. Демек негізгі міндет – су азая түскен жағдайда тапшылықты анағұрлым тиімді басқару қажет. Ал тасқын тәуекелдерін ойластыра отырып, қажетті алдын алу шараларын қабылдау аса маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
