Шымкентте ірі сауда үйі өртенді
Шымкентте ірі сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Зардап шеккендер бар. Үш қабатты ғимараттың екінші қабатындағы киім сататын дүңгіршекте от тұтанған. Сол кезде іште бірнеше адам болған. Әсіресе үшінші қабаттағы фитнес залда жаттығып жатқандар терезеден шығуға мәжбүр болды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды. Түтінге тұншыққандарды жедел жәрдем қызметі алып кетті. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 270 шаршы метр аумақ өртке оранған.
Бекзат Қамбаров, Шымкент қалалық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
Өрт сағат 13.27-де оқшауланып, 13.55-те толығымен сөндірілді. Өртке департамент тарапынан 24 бірлік техника мен 90 қызметкер жұмылдырылды. Екінші қабат өртенгенімен үшінші қабатта қатты қою түтін болған. Өрттің себебін біздің анықтаушылар анықтайтын болады.
Қазір түтінге тұншыққан 6 адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Бір науқастың жағдайы нашарлап жансақтау бөліміне ауыстырылған. Тағы үш адам токсикология бөлімінде ем қабылдауда. Екі тұрғын алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
