Транзитттік тасымалдың көлемі артады
Орталық Азияда Қазақстан ірі транзиттік аймақ саналады. Яғни бұл бағыттың әлеуеті зор және айрықша маңызға ие. Сондықтан транзиттік тасымалдың көлемін арттыру үшін алдын ала әрекет етіп, әрдайым бір қадам алда болуымыз керек. Президент Жолдауда осы тасымал саласына қатысты Үкімет пен жеріглікті атқарушы билікке бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ал логистика саласының әлеуеті жайлы әр өңірдегі тұрғындардың пікірін әріптестереміз білген еді.
Ақтөбе
Отандық өндірушілер өз тауарларын сыртқы нарыққа шығару керек. Осы жерде қарапайым өндіруші тауарларын шетелдік нарыққа шығару маршруттарын таңдауда қиындыққа тап болады. Міне, осы жерде көлік-логистика саласының мамандары көмекке келеді деп ойлаймын. Өйткені бізідң тауарларға сыртқы нарық зәру деп айтуға болады.
Өскемен
Қазір дүниежүзінде тауар айналымы, сауда жолдары маңызды рөлге ие болып отыр. Қазақстанның орналасқан жері соған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Енді соны тиімді пайдаланып, заманауи жолдар, теміржол желілері, әуе жолдары және түрлі логистикалық орталықтар салынса, бұл тек транзитке ғана емес, еліміздің ішкі экономикасына да өзіндік бір үлкен пайда әкелмек.
Қостанай
Агрохабтар мен логистикалық орталықтарды дамыту — өнімдерді тасымалдау және сыртқы нарыққа шығарудың бірден бір себебі болады. Мемлекет басшысының кез келген беріп жатқан тапсырмасы терең талдаудан өтіп, жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан саясат. Сондықтан тиімді түрде жүзеге асса, нәтижесін көп күттірмей ала аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
