Инвестициялық ахуал жақсарады
Президент Жолдауында елге қомақты инвестиция тарту керектігін айтты. Шетелдік мамандардың пікірінше, құжатта көрсетілген бағыт-бағдар Қазақстанда инвестициялық ахуалдың жақсаруына сеп болады. Соңғы екі жылда Қазақстанға шетелден 69 миллиард доллар инвестиция тартылған. Бұл сан алдағы уақытта еселене түседі. Себебі инвесторлар тарабынан экономикасы тұрақты, цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан мемлекеттерге қызығушылық жоғары. Қазақстандағы реформалар инвестиция тартуға үлкен мүмкіндік.
Дмитрий Курочкин, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті:
Жолдауда айтылған инвестицияны тарту, өнеркәсіпті дамыту экономиканы әртараптандыруға сеп болады. Кәсіпкерлерге де дем береді. Біз Қазақстанмен әріптестікті жандандырудамыз. Ортақ жобаларымыз бар. Жалпы кәсіпкерлер Қазақстанға ақша құйып, ортақ жобаларды жүзеге асырғысы келеді. Бұл елдегі оң өзгерістердің нәтижесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16