Тұңғыш Президент күнінде Астанада үлкен концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент күнінде Астанада үлкен концерт өтеді

21.11.2018

Келер ай елорда үшін мерекелі, берекелі болмақ. Желтоқсанның 1-і Тұңғыш Президент күні тойланып, үлкен концерт қойылады. Астананың ресми түрде осы айда елорда атанғаны да елеусіз қалмайды. Бұл датаға орай желтоқсанның 10-ы күні «Астана концерт» залында мерекелік бағдарлама жоспарланған. Ал, ең елеулі де басты мейрамымыздың бірі – Тәуелсіздік күніне орай ірі салтанатты жиын болады. Желтоқсанның 14-і Тәуелсіздік сарайында өтетін бұл шара да концертпен аяқталады. Ал, 16-сы күні елорда әкімдігі ұлық мейрамды ескі орталық пен бірқатар сауда орталығында көппен бірге тойлауға шақырады. Жаңа жылға да әзірлік осал емес. Қала бойынша ірі үш мұз айдыны соғылып, ол алаңдарда қыс бойы той, шоу болмақ.

Нарима Мұхамбеталина, қалалық Мәдениет және спорт басқармасы жетекшісінің орынбасары:

-Әрбір демалыс сайын  үлкен шаралар өткізіледі. Соның арасында, әрине, концерттеріміз, театрландырылған қойылымдарымыз, жәрмеңкелеріміз, көптеген жанұялық мерекелеріміз бар. Айта кету керек, коньки, шана тебетін жандарға, оларға да биыл Астана қаласында 11 сырғанақ салынады. 

 

Альбина ӘШІМ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу