Агробизнесті қолдау жоспары әзірленеді
Президент Жолдауда құзырлы министрлікке мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеуді тапсырды. Басты мақсат – ішкі нарықты етпен толық қамтамасыз ету. Осы тұрғыда тұрғындардың пікірін білген едік.
Жетісу облысы
Президент Жолдауында жақсы айтты. Ауыл шаруашылығын дамытуымыз керек. Комбайн мен тракторға қарап отырмауымыз керек. Көріп жүрміз ғой, ютубтен жасанды интелект, цифрландыру дей ме, біз сонда ғана еселеп мол өнім ала аламыз.
Тараз
Жалпы ауыл шаруашылығында жасы үлкен де, кіші де мамандар жүр. Оларды агроөнеркәсібі дамыған мемлекеттерге оқуға жіберсе, оларға сондай жағдай жасаса, Президент айтқан бастаманы жүзеге асыратын болса, біздің де ауыл шаруашылығы жаңа серпінге түсері анық.
Ақмола облысы
Ауылшаруашылығы өнімдерін біз шикізат күйінде сатпай, оны өңдеп, кәсіпорындар құру арқылы және оны тауарларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тұтынушыларға жеткізудің логистикасын, яғни оның жолдарын, каналдарын, арналарын жасау керек.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16