Басты Жаңалықтар «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 40 мың адам көрді

«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 40 мың адам көрді

Бүгінде әрбір екінші қазақстандықтың несиесі бар, ал 1,5 миллион адамның шоты қарызына байланысты бұғатталған. Жалпы тұтынушылық берешек 26 трлн теңгеден асты. Тығырықтан шығу үшін «Amanat» партиясы бастамашы болған «Қарызсыз қоғам» жобасы – дер кезінде қолға алынған нақты қадам. Жоба аясында азаматтардың әділетсіз және заңсыз жүктелген миллиардтаған теңге қарызы есептен шығарылып, көптеген жанұялар «таза парақтан» жаңа өмір бастауға мүмкіндік алды. Президент Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік әділдік пен азаматтардың қаржылық әл-ауқатын арттыруға басымдық берді. Бұл үндеу қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – халықтың қарыз жүктемесін азайту қажеттігін айқын көрсетті. Сондықтан «Қарызсыз қоғам» жобасы – мемлекет пен азаматтардың арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған нақты жұмыс. Жолдауда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет ұғымы – тек көмек көрсету емес, өмір сүру сапасын арттыру.

Олжас Ордабаев, «Қарызсыз қоғам» жобасының атқарушы директоры:

Биылдың өзінде бізге жалпы қарыз жүктемесі 28 миллиард теңге болатын 40 мыңнан астам адам жүгінді. Мамандарымыздың араласуы арқылы миллиард теңгеден астам берешекті есептен шығаруға немесе қайта құрылымдауға мүмкіндік пайда болды. Бірде айыппұлдар мен өсімпұлдар алынып тасталды, енді бірде төлем кестелері түзетілді. Бұл жай ғана сандар емес, бұл – адамдардың тағдыры.


Бөлісу