Қарағанды облысында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысан елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынған. Медпункт 200-ден астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетуге қауқарлы. Жалпы, өңірде бұл қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз жоба емес. Жыланды ауылында да тағы бір медициналық пункттің құрылысы жүріп жатыр.
Самат Кенжебаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде ауылдық денсаулық сақтау кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет бюджетіне қайтарылған қаражат есебінен 51 нысан салынуда. Оның 24-і пайдалануға берілді. Басты мақсат – ауылдық елді мекен тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ өз тұрғылықты жерінде сапалы медициналық көмек көрсету.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16