Өңдеу саласына инвестиция тарту маңызды
Президент биылғы Жолдауында өңдеу саласына көбірек инвестиция тарту қажеттігін айтты. Әсіресе жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік берудің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда түркиялық инвесторлар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне қаржы құюға қызығушылық танытып отыр. Ыстанбұлдағы Бас консулмен кездескен кәсіпкерлер Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың артықшылықтары мен инвесторларға жасап отырған жеңілдіктері қызықтыратынын айтты. Сол үшін Қазақстанға арнайы келіп, әр өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктермен танысуды жөн көріп отыр.
Хакан Йылмаз, түркиялық инвестор:
Біздің компания 2014 жылдан бері электронды карталар өндіру және жарықтандыру бойынша қызмет көрсетіп келеді. Бұл салада Түркияда алдыңғы қатардамыз. Келесі аптада Қазақстанға арнайы барып, ол жақта бірлескен жобалар жасау жайын жоспарлап келмекпіз. Өзіміздің атажұртымыздағы кәсіпкерлермен бірге жұмыс істеу бізге ерекше шабыт беретіні сөзсіз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16