Зейнетақы жинағын мақсатсыз пайдаланған стоматологиялық клиникалар тексеріледі
Зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланған стоматологиялық клиникалар тексеріледі. Күдік тудырған схемаларға қатысты материалдармен Қаржы мониторингі агенттігі айналысады. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағы тіс емдеуге берілмейді. «Отбасы банктің» мәліметінше, стоматологиялық қызметтерге өтініш беру кезінде жинақ қаражатын мақсатсыз пайдалану мен құжаттарды қолдан жасаудың көптеген дерегі анықталған. 2021 жылдан бері «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 800 мыңға жуық транзакция жасалған. Талдау көрсеткендей, соның 222 млрд теңгесі 20 стоматологиялық клиникаға түскен. Бұл клиникалардың жартысы Атырауда, қалғандары Алматы мен Астанада орналасқан.
Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы:
Әртүрлі азаматтардың емдеу жоспарына бір стоматологиядан алынған бірдей 3D-суреттер тіркелген. Стоматологиялық клиникалармен қызмет көрсету туралы жалған келісімшарттар жасалған. Яғни, дәрігердің қолы, мөр қолдан жасалған. Сондай-ақ, бір анықтаманы пайдаланып бірнеше өтініш беру жағдайлары да болған. Яғни, банкке бір ғана дәрігерлік комиссия қорытындысы тіркеліп, стоматологиямен әртүрлі келісімшарттар жасалғанын байқадық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
