Басты Жаңалықтар Маңғыстаудағы жол апаты: Науқастардың бірі санавиациямен Ақтауға жеткізілді

Маңғыстаудағы жол апаты: Науқастардың бірі санавиациямен Ақтауға жеткізілді

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары Маңғыстауға арнайы бортпен келді.

Қаралы отбасы мүшелерін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай әуежайдан күтіп алып, қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Еске салайық, кеше аймақта жантүршігерлік жол көлік апаты болып, 10 адам қаза тапты, тағы 3 науқас ауыр халде ауруханада жатыр. Қайғылы оқиға Сенек ауылынан 90 шақырым жерде тасжолда болған. Алдын ала болжам бойынша «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан көлікте болған 8 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушының жағдайы ауыр. Қаза тапқандардың бесеуі Қарағанды облысынан, бір адам Астана қаласынан, қалғандары жергілікті тұрғындар. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.



Бөлісу