Іссапар, семинарлар қысқарады: Бюджет 68 млрд теңгеге үнемделеді
Абзал Бейсенбекұлы, ҚР Қаржы вице-министрі:
Конференцияларды, іссапарларды азайттық. Ғимараттарды жалға алу шығыстарын қарастырдық. Соның есебінен 68 млрд теңге шығыстардан оңтайландырды.
Журналистердің
сұрағына жауап беріп тұрған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы. Жаңа ғана
спикер атап өткендей, енді артық іссапар мен семинарлардың барлығы қысқарады.
Осындай шығындарды қысқарту арқылы 70 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысын үнемдеу
көзделіп отыр. Бұл үнемделген қаржы маңызды бағытқа жұмсалады. Мәжілісте бірер сағат бұрын ғана «2026-2028
жылдарға арналған бюджет жобасы» қаралды.
Келер жылы еліміздің бюджет шығыстары 27,7 трлн теңгеге жоспарланған.
2028 жылға қарай бұл қаражат көлемі тағы да 2 трлн теңгеге артып, 29,7 трлн теңгеге
жетеді деп көзделуде. Қаржыны үнемдеу, шығынды азайтып, бюджет тапшылығын
болдырмау - басты мақсат.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
