Басты Жаңалықтар 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану тоқтатылады

15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану тоқтатылады

15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану тоқтатылады. Бұл жайлы «Отбасы банк» мәлімдеді. Осы датаға дейін берілген барлық өтінім белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады. Бірақ келесі аптадан бастап бұл қызмет көрсетілмейді. Ресми хабарламада бұған жалған схемалардың тоқтамауы себеп болғаны жазылған. Сондықтан оны 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін уақытша тоқтату шешімі қабылданды. Осы уақыт ішінде зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану барысында алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін тиімді әдістер әзірленбек. 2021 жылдан бері бұл мақсатқа қордан тұрғындар 757 млрд теңге алған. Оның 222 млрд-ы тек 20 клиникаға тиесілі. Мәселен, Атыраудағы бір ғана тіс емханасына 23 млрд теңгеге жуық қаржы аударылған. Клиенттердің бірі тіс емдеуге қор қаржысын пайдалану мақсатында 11 мәрте өтініш беріп, жалпы 32 млн теңге алған. Банк күмәнді істерге қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырды. Қаржы мониторингі агенттігі бірқатар стоматологиялық клиниканы тексеруді бастады.


Бөлісу