ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Күндізгі
сессияда 6 спортшы өнер көрсетеді. Олар: Виктория Графеева, Махмұд Сабырхан,
Нұрбек Оралбай, Елдана Талипова, Төрехан Сабырхан және Сағындық Тоғамбай. Ал
кешкі сессия біздің уақытпен сағат 22:00-де басталады. Онда Алуа Балқыбекова,
Карина Ибрагимова, Аида Әбікеева, Гүлсая Ержан, Бибарыс Жексен, Ертуған
Зейнуллинов және Айбек Оралбай бақ сынайды.
Айта кетейік, кеше 7 жерлесіміз жеңіске жетті. Олардың қатарында Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Ертуған Зейнуллинов және Нұрбек Оралбай бар.
Өкінішке
қарай Сабырхан Аққалықов пен Бекзад Нұрдәулетов қарсыластарынан жеңіліп қалды.
Барлық жекпе-жекті Қазақстан және Қазспорт телеарналарынан тікелей эфирде көруге
болады.
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
