Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
Өзбекстанда бақша дақылы қауынды қайта өңдеп түрлі өнім шығара бастады. Диқандар тәтті дақылды кептіріп, құрғақ жемістердің қатарында саудаға шығаруда.
Сондай-ақ қауыннан шекер мен бал жасаудың технологиясы өндіріске енгізіліп жатыр. Хиуа қаласында өткен қауын фестивалінде осындай жаңашылдықтар таныстырылды. Бес гектарға жуық аумақта ондаған павильон орнатылып, қауынның жүзден астам түрі қойылған. Мұнда негізінен Хорезм өңірі мен оған іргелес Қарақалпақстанның диқандары өздері баптап өсірген қауындарын алып келген. Фестиваль қонақтары тәтті дақылдан дәм татып, одан жасалатын түрлі өнімдерді тамашалады.
Санжарбек Садуллаев, Үргеніш университетінің доценті:
Қауынның 100-ден астам сортын ғылыми зерттеп, қайта өңдеу тәсілдерін қарастырып жатырмыз. Ерте және кеш пісетін түрлерінің өз ерекшеліктеріне мән береміз. Дақылды өсіргенде гидрогель полимерін қолдану өндіріске енгізілген. Бұл – суды үнемдеуде таптырмайтын әдіс.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18