Басты Жаңалықтар Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі

Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі

Семейдегі Шәкәрім университетінің студенттері түгелдей жасанды интеллект мамандарын дайындауға негізделген Аi Sana бағдарламасының курстарынан өткен. Оған қоса осы инновациялық платформа көмегімен жасанды жад негізінде бірқатар жобаны іске қосты. Енді жасанды инттеллектіні жастар тек қолданып қана қоймай, оның игілігін түрлі салада қолдануды игеріп жатыр. Нәтижесін қазірдің өзінде көре бастадық дейді мамандар.

Нұртуған Азатбекұлы жасанды инттелект негізінде оқытушыларға арналған Ai Check бағдарламасын жасап шығарған. Ол арқылы оқытушылар студенттердің орындаған жұмыстарын тез тексеріп, бағалай алады. Яғни шәкірттің диплом, курстық жұмыстарының қателіктерін тауып немесе түпнұсқа әлде көшірме екендігін автоматты анықтайды.


Нұртуған Азатбекұлы, жоба авторы:


Бұл жүйемен жұмыс істеу өте оңай. Мұғалім жүйеге кіріп, студенттің жұмысын жүктейді және де система максималды, екі минуттың ішінде бағаны шығарып берді. Сәуір айында қостық. Содан бері жұмыс істеп келе жатыр.


Шәкәрім университетінің студенттері Аi Sana бағдарламасының курсынан 100 пайыз өткен. Нәтижесінде цифрлық құралды түрлі салада тиімді пайдаланудың әдіс тәсілдерін меңгеруге икемделіп жатыр. 


Ахмет Есенбек, 3-курс студенті:


Әр студент әр түрлі қолданады. Кейбіреуі дайын нәрсені алып қоя салады деген сияқты. Ол негізі нейрожүе ғой. Адамның миымен ойлана алмайды. Сондықтан біз егер де өзімізге керекті ақпаратты алғаннан кейін оны әрі қарай анализ жасауымыз керек. Әрі қарай өзіміз адами тұрғыда қорытынды жасап қана қалыптастыра алуымыз керек.


Жасанды интеллект игілігін университет оқу процесінде де жан-жақты пайдаланады. Нәтижесінде білім сапасы артып, оқытушылардың жұмысы жеңілдеген.


Бейімбет Дәрібаев, Шәкәрім университетінің академиялық мәселелер бойынша проректоры:


Admission Bot қабылдау комиссиясына арналған чат-бот болып есептеледі. Ол бізде осы қабылдау комиссиясында, биылғы жылы толыққанды жұмыс істеді. Қабылдау комиссиясына ауыртпашылық түсірмеу. 70-75 пайыз уақытын үнемдеді.


Жақында жас мамандар ЖИ негізінде бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуы мен оның қабілеттеріне орай бағыт-бағдар беретін Career Al бағдарламасын ойлап тапқан. Оған қоса студенттердің икеміне қарай түрлі курстардан өткізетін Smart Course және оқу орнының ғылыми жұмыстарына сараптама жасайтын Research Center бағдарламасын да  іске қосты.


Ержан Жақып


Бөлісу