Егін алқаптарын суару кезеңі аяқталып қалды
Бірқатар өңірде егін алқаптарын суару кезеңі аяқталуға жақын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы брифингінде айтылды. Бұған дейін Қызылорда мен Түркістан облыстарында шаруалар су тапшы екенін жеткізген еді. Бірақ Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың сөзінше, мәселе арнайы технологиялардың көмегімен реттелген. Қазір Түркістанда дақылдар түгел суарылды. Қызылордада күріш жинау маусымы басталды. Ал Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында осы айдың соңына дейін аяқталуы мүмкін.
Нұрлан Алдамжаров, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:
Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең қалыпты өтіп жатыр. Аграрлық секторды сумен қамтамасыз етуде айтарлықтай қауіптер байқалған жоқ. Қазіргі күні 269 мың гектардан астам жер суарылды. Оның ішінде Алматы облысында 136 мың гектар, Жетісу облысында 133 мың гектар.
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16