Конго Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди тұңғыш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Тарихи сапарға
балаған Президент Конгоның халықаралық және аймақтық деңгейдегі рөлі артып келе
жатқанын айтты. Өйткені Африканың аталған елі адами һәм табиғи ресурстарға бай.
Атап айтсақ, халық саны 110 млн-нан асып кетеді. Экономикалық жақтан алып
қарасақ бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдері үшін алып
нарық. Кездесудің де мақсаты осы: Орталық Азия мен Африка арасындағы байланысты
күшейту. Қонақжайлық үшін алғыс айтқан Конго Демократиялық Республикасының
президенті бұл сапардың екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсеріне үміттенетінін
жеткізді. Айта кету керек, бүгінде екі ел арасында өндіріс, геология және
энергетика саласында әріптестік орнаған.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп жатырсыз. Шын мәнінде, мұны тарихи сапар деуге болады. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл қадам Қазақстан мен Конго арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді. Бүгінгі келіссөздер Орталық Азия және Африка арасындағы байланысты күшейтуге ықпал етеді деп сенеміз. Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттың бірі.
Феликс Чисекеди, Конго Демократиялық Республикасының Президенті:
Маған және делегациямызға көрсеткен қонақжай ниетіңіз үшін Сізге, сондай-ақ Қазақстан халқына алғыс айтамын. Мен екі ел, жалпы алғанда, Африка аймағы мен Орталық Азия арасындағы ынтымақты нығайту мақсатында сапармен келдім. Әрине біздің мемлекеттеріміз бір бірінен алыста орналасқан. Дегенмен осындай сапарлар бізді жақындастырып, бір-бірімізді жіті тануға мүмкіндік береді. Сіздің еліңізбен ERG компаниясы арқылы тығыз жұмыс істейміз. Аталған кәсіпорын тау-кен өнеркәсібі саласында белсенді қызмет етеді. Бірақ ықпалдастықты арттырып, тәжірибе алмасатын басқа да көптеген бағыт бар деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
