Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
Тартылып қалған Арал теңізін қалпына келтіру үшін 20 жыл бойы үздіксіз жұмыс жалғасып келеді. Соның арқасында Солтүстік Аралды сақтап қалдық,- деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
Теңізді екіге бөліп тұрған «Көкарал» бөгеті әлемдегі теңдессіз жобалардың бірі. Бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылып, балық шаруашылығы жанданды. Қазақстан аумағындағы Кіші Аралға бүгінде 24 миллиард текше метр су жиналып тұр. Биыл ауқымды жобаның екінші кезеңінің құжаты әзірленіп, техникалық сараптамадан өтіп жатыр. Яғни, теңізді ұстап тұрған бөгетті тағы да көтеріп, Балтық жүйесі бойынша 42 метр деңгейден 44 метрге ұлғайту жоспарланған.
Ғалымжан Еркебай, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Жобаны Дүниежүзілік банктен қаржыландыруын күтудеміз. Шет елден сол азаматтар келді. САРАТС жобасының басына барып осы жобаларды бір-бір қарап шықты. Өз нәтижесін бергендігіне көздері жеткеннен кейін енді екінші қаржыландыруын биыл немесе келе жылдан басталса, жұмыс басталып кетеді.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16