Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында агромамандар тапшы

Жамбыл облысында агромамандар тапшы

Президент Жолдауда агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға қаржының көлемі емес, оны тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Қаржылай қолдаулар мен несиелер бөлу саланы алға сүйреуде әлі де жеткіліксіз екеніне тоқталды. 


Ал елімізде агросаланы дамытуда агроном мамандар жетіспейді. «Бұлай жалғаса берсе, егін егіп, астық жинау ісінде көп кедергілер кездеседі», - дейді Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ғалымдары. Сондықтан Президент тапсырмасымен құрылған жаңа оқу орнында 15 бағытта мамандар даярланады. Былтырдың өзінде 474 студент жас маман атанса, биыл 550-ге жуық талапкер оқуға қабылданған. Олар агросаланы жетік меңгеру үшін Венгрияға бір жылдық оқуға жіберіледі. Осылайша университет президент айтқан елдегі кадр тапшылығын азайтып, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге үлес қоспақ.    


Қуат Естаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:


Президентіміз өте орынды айтты. Ауыл шаруашылығында агрономдар жетіспейді. Соны біз дамытсақ деп жатырмыз. Агроном болса, біздің егістік алқаптарымыз дамитын еді. Міне, біз қазір жаңбырлатып суару дейміз, суды тиімді пайдалану дейміз, соның бәрін агроном болмаса, кім істейді? Сол үшін агрономдар дайындауымыз керек.


Данияр Әлімқұл


Бөлісу