Қостанай облысының агроөнекәсіп саласына 383 млрд теңге инвестиция тартылды
Қостанай облысының агроөнекәсіп саласында инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Алдағы екі жылда барлығы 383 млрд теңгеге 93 жоба іске асады. Биыл оның 52 млрд теңгесі игеріліп, 600-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауыл шарушылық саласына жасанды интеллектіні енгізу маңызын да айтқан еді. Өңірде жақында өткен инвестициялық форумда ЖИ-ға негізделген бірнеше инновациялық технологиялар таныстырылды. Бүгінде оларды қолданысқа енгізу мүмкіндігі қаралып жатыр.
Нұржан Қашақов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізілуде. Енді өсімдіктердің ауруы мен зиянкестерді ерте анықтап, ауа райын дәл болжауға болады. Мал шаруашылығында да смарт-датчиктер жануардың денсаулығын тәулік бойы бақылап, деректерді жасанды интеллект арқылы өңдейді. Кез келген ауытқуды фермерге хабарлап, шығынды болдырмауға көмектеседі.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16