Жолдау: Өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріледі
Жолдаудың маңыздылығын сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын жетісулық кәсіпкерлер де жақсы біліп отыр. Әсіресе оларға Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жайлы айтқан пәрмені айрықша әсер етті. Аграрлы аймақта қазір сүтті өңдеумен айналысатын 8 кәсіпорын бар. Жетісу облысындағы сүт фирмаларының ең ірісі 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт тәулігіне 90 тоннаға дейін сүт өңдеп, 67 түрлі өнім шығарады.
Әмина
Арынбекова, өндіріс басшысы:
Жетісу облысын толықтай қамтимыз және Алматыдағы фирмалық желіге жеткіземіз. 200-ге жуық фирмалық дүкен бар. Президентіміз бүгінгі жолдауында өнеркәсіпті қолдаймын деген болатын. Біз қуаныштымыз.
Жетісу
облысында 3 жылдың ішінде 23 кәсіпорын іске қосылып, 759 жаңа жұмыс орны
ашылған. Аграрлы аймақ 2026 жылға дейін құны 33 млрд теңгеден асатын 31
инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Ал осы бағытта жұмыс істейтін шағын
кәсіпорындардың бірінде 100-ден астам адам еңбек етеді. 23 түрлі өнім өндіріп
оны аймақтағы барлық елді мекенге жөнелтеді. Қазіргі уақытта өндіріс көлемін
ұлғайту үшін жаңа зауыттың құрылысы басталған.
Айман
Алмасқызы, өндіріс басшысының орынбасары:
Еліміздегі 6 ірі дүкендер желісіне өнім тасумен айналысамыз. Былтырдан бері Президентіміз шағын және орта бизнесті қолдайтындығын айтқан болатын. Биыл да атап өтті.
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
