Кеден және логистика қызметін «Smart cargo» жүйесі бақылайды
Кеден және логистика қызметін «Smart cargo» жүйесі бақылайды. Бірыңғай цифрлық жүйе қазан айының соңына дейін іске қосылуы тиіс. Президент Жолдауда сала мамандарына осындай міндет жүктеді. Мақсат – кедергісіз тасымалдау жүйесін қалыптастыру. Транзиттік жүктердің «жасыл дәліз» қағидасымен еш тосқауылсыз өтуіне барынша жағдай жасау. Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұр. Былтыр біздің жер арқылы өзге елдерге 1 миллиард тоннадан астам жүк тасымалданды.
Нұрлан Құлбатыров, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары:
Өткізу бекеттеріндегі негізгі проблемалардың бірі – электронды кезектің дұрыс жұмыс істемеуі. Одан бөлек кейде қызметтердің баяу жасалуы, кейбір кезде интернеттің болмай қалуы себебінен мемлекеттік органдардың қызметі тұрып қалатын уақыттар болады. Президентіміз айтып өткендей, «Smart cargo» жүйесі тиімді атқарылатын болса, алдағы уақытта еліміз сауда әлеуетін тағы да тауар айналымын 25 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік алады.
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58