Президент: Елімізге қомақты инвестиция тарту керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
биылғы Жолдауында инвестиция саласына басымдық берді. «Жаңа инвестициялық
кезеңді бастауымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Олжас Бектеновке 10 күн
уақыт берді. Осы уақыт аралығында Үкімет басшысы инвестицияға қатысты ұсыныстар
әзірлеу керек. Инвесторларға салық жеңілдігі қарастырылуы қажет. Заңсыз
активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді. Президент оны Инвесторлардың
құқығын қорғау комитеті деп атауды ұсынды.
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19
Елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:18
Астанада «Əділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады
14.06.2026, 12:17
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05