Тоқаев: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Тоқаев: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс

Тоқаев: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс

«Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс». Президент Халыққа Жолдауында азаматтарға сапалы қызмет көрсету, инфрақұрылым салу және мемлекеттік қолдау шараларына баса назар аударды.


 «Ең алдымен, салықтық әкімшілендіруге назар аудару қажет. Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру үдерісі бойынша мемлекеттік органдар арасында көш бастауы тиіс. Бұл мекеме жасанды интеллектінің және басқа да озық технологияның әлеуетін салық төлеушілердің мүддесіне сай тиімді қолдануы керек. Жаңа Салық кодексі қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек. Бұл құжат салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруы тиіс. Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды. Олардың адал еңбегінен түскен салықты елімізді дамытуға жұмсайды», - деді Президент өз сөзінде.


Жанел Өтеулі


Бөлісу