«Қаражанбасмұнай» компаниясында 5 мың адам еңбек етеді
Маңғыстаудағы «Қаражанбасмұнай» компаниясы биыл жарты жылда 1 млн 57 мың тонна мұнай өндірді.
Оның 900 мың тоннадан астамы экспортталған. Кен орнында
жаңадан 84 ұңғыма іске қосылды. 51 жылдық тарихы бар кәсіпорында 5 мыңға жуық
адам еңбек етеді. Жұмысшыларға ұжымдық шарт негізінде әлеуметтік көмек
көрсетіледі. Мысалы, балабақша мен оқу ақысы, дәрі-дәрмек шығыны төленеді.
Санаторий, балалардың жазғы демалысы қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа жылдық
сыйлықтар мен мерекелік сыйақылар беріледі.
Жасұлан Есбаев кен орнында жөндеу-механикалық цехының шебері болып жұмыс істейді. 25 жылдық тәжірибесі бар маман әріптестерімен бірге әр ауысымда 100-ден аса арнайы техника мен тасымалдау көліктеріне сервистік қызмет көрсетеді.
Жасұлан Есбаев, жөндеу-механикалық цехының шебері:
Сервистік қызмет көрсету деген майлау, майын төгу. Көлік маманын білесіздер ғой өндіріс саласына ең керекті мамандық. Соны шама келгенше сапалы түрде, жүйелі түрде осы механиктермен тығыз байланыста отырып, жолға, жұмысқа дайындаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
