Елордада осы оқу жылы 15 жаңа мектеп ашылады
Астанада 1 қыркүйекте 7 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. Жалпы осы оқу жылында қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар биыл 4716 студентке арналған 8 жатақхана бой көтереді. Бас қаланың экономикалық көрсеткіштері артып келеді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 айда 1,2 триллион теңгеге жеткен. Биыл жалпы құны 300 миллиард теңге болатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Президент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау, жаңбыр суына арналған кәріз жүйесін реттеу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Инвестицияның көлемі былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға өсім көрсетіп отыр. Құрылыс саласы да, транспорт саласы да, басқа сала да. Осы жылдың соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Ол жаңа инвестиция, жаңа тұрақты жұмыс орындары, қалада. Мемлекет басшысына жылыту маусымына дайындық туралы баяндадым. Жөндеу жұмыстары орнымен өтіп жатыр. Келер айда толығымен орындалады.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
06.03.2026, 10:16
Елорда мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілмеген
06.03.2026, 10:14
Қостанайда 260-тан аса оқушысы бар мектеп карантинге жабылды
06.03.2026, 10:13
Еуропарламент депутаты: Қазақстанның тәжірибесі Германияға да керек
06.03.2026, 10:12
Қостанайда референдум қарсаңында салааралық диалог өтті
06.03.2026, 10:11
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
06.03.2026, 10:07
Дубайда әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қатаң жазаланады
06.03.2026, 10:06
Израиль Тегеранға ауқымды шабуыл жасады
06.03.2026, 10:05