AFD 2025: Табысы $1,5 трлн болатын ірі компаниялардың өкілдері келді
Елордада Astana Finance Days форумы өтуде. Қазір қатысушылар іскерлік бағдарлама бойынша тақырыптарды талқылауда. Жиынға ірі компаниялардың өкілдері мен сарапшылар қатысып жатыр.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Биыл форумға табысы 1,5 триллион АҚШ долларына жететін ірі компаниялардың өкілдері келді. Алдағы уақытта бірқатар меморандумға қол қойылады деп жоспарланып отыр. Ал жиынның негізгі бөліміне Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты. Дамушы елдердің инфрақұрылымына инвестиция тарту талқыланып, Қазақстанның тәжірибесі айтылды. Жалпы, бүгін іс-шарада онға жуық пленарлық сессия жоспарланған. Бүгінгі жиын мемлекеттік орган мен бизнес-қауымдастық өкілдері және сарапшылар үшін келісім мен диалог құрудың алаңы болып отыр.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16