Игорь Крутой: Димаш ресейлік тыңдармандарды мойындатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Игорь Крутой: Димаш ресейлік тыңдармандарды мойындатты

12.11.2018

Ол Ресей Ішкі істер қызметкерлерінің күніне орай, Кремльде өткен үлкен концертке қатысқан еді. Мерекелік жиында Димаш атақты композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнін орындады. Қазақ әншісінің өнеріне риза болған ресейлік көрермен оған ерекше қошемет көрсетті.  Тіпті, Игорь Крутойдың өзі «Димаш Ресей халқын мойындатты» деп жар салды. Жалпы, Ресей шоу-бизнесін таңқалдыру оңай шаруа емес. Ал, Димаш көрші елдің сахна нарығына батыл қадам жасады.Одан кейін «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында қонақта болды.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу