Ауыл шаруашылығын әртараптандыру қарқын алды
Президенттің экономиканы әртараптандыру тапсырмасы ауыл шаруашылығы саласында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Егілетін дақылдардың түрін көбейту, терең өңдеу бағытын жандандырып, тұтынушыларға дайын өнім ұсынуға басымдық берілген. Бұл бағытта мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Президент Жолдауында субсидияны азайтып, орнына қолжетімді несиелеу жүйесін енгізуді тапсырған. Нәтижесінде былтыр жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Мұндай қолдауды диқандармен қатар мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, өңдеу өнеркәсібінің мамандары да пайдалана алады.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
2025 жылы ауыл шаруашлығының жалпы өнім көлемі 8,5 трлн теңгеге жеткізіледі. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсу динамикасы сақталып отыр. Мәселен, 2024 жылдың алғашқы 6 айында 2,3 млрд АҚШ долларының өнімі экспортталса, биылғы жылдың алғашқы 6 айында бұл көрсеткіш 3,1 млрд долларды құрады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15