Геология саласына тың серпіліс беріледі
Елімізде геология саласына тың серпін берілмек. Жер қойнауын барлау мен игеруге цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген нақты тапсырмаларының бірі. Қазір сала мамандары шетелдің үздік компанияларымен бірлесе жұмыс істеуде. Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға келетін зиянды азайтпақ. Бүгінде елімізде кез келген барлау не өндіру жұмыстары басталмас бұрын олардың қоршаған ортаға әсері жіті зерттеледі. Жоспар экологияны реттейтін арнайы комитеттің келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асады.
Ерлан Ақбаров, ҚР ӨҚМ комитет төрағасы:
Геологиялық ақпаратты өңдеудің өзіне біз жасанды интеллектіні қолданып жатырмыз. Соны толықтай цифрландырып, оны бұрынғы карталардың бәрін векторлық форматқа көшіріп, оны жасанды интеллектіге салып, қазір соны қолданып жатырмыз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16