Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласы қысқа толық дайын
Шығыстағы Риддер қаласы қысқа толық дайын. Соңғы үш жылда шаһардың жылу жүйесін жөндеуге Үкіметтен үлкен қолдау көрсетілді. Тек қазандықтарды жөндеуге 12 миллиард, ал жылу желілерін жөндеуге 7 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде қазір қаладағы 3 мыңнан астам нысан орталық жылуға қосылған. Биыл отын сатып алуға да қаржы бөлінді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала әкіміне және Энергетика мен тұрғын үй шаруашылығы басқармасына жылыту маусымына толық дайындықты әлі де пысықтап, барлық жөндеу жұмыстарының дер кезінде аяқталуын және бөлінген қаражаттың уақытында толық игерлуін міндеттеді.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Көріп отырсыздар соңғы 3 жылда Үкімет тарапынан өте үлкен қолдаулар болды. Қазандықтарды жөндеуге 12 миллиард теңге бөлінді. Жылу желілерін жөндеуге 7 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде қазандықтардың тозуы 75 пайыздан 43 пайызға дейін төмендетілді. Жылу желілерінің тозығын 82 пайыздан 54 пайызға дейін төмендетіп жатырмыз. Бұл жұмыс жылдан жылға жалғасатын болады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16